Ертегіде көпестің жынның баласын құрманың сүйегімен өлтіріп қоюы себепті жазаға тартылып, ақыры кезіккен үш қарттың сиқырға қатысты қызықты әңгімелерінің арқасында аман қалуы баяндалады. Бұл ертегі «Біреуге ор қазба, өзің түсесің» деген халық мақалының мәнін түсіндіріп, кісіні имандылыққа, адамшылыққа тәрбиелейді.
Оқиғалар желісі көркем суреттермен безендірілген. Кітап бастауыш сынып мұғалімдеріне, жалпы мектеп оқушыларына арналған.